Хамит Ердехан: кітап, өмір, поэзия | Altynsarin podcast #1

38 подписчиков

12+
12+

день назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав

38 подписчиков

12+
12+

день назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав
12+
12+

день назад

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «КітапХан» жобасының резиденті әрі кітапсүйер қауымға танымал Хамит Ердеханмен тағылымды кездесу кеші өтті. Кездесу кешін ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Ертөстік» және «Сердаш» сыйлықтарының иегері Сайлаухан Жоланов пен ақын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арқалық Әмәлият жүргізді. Жүргізушілер кеш қонағымен еркін сұхбат өрбітіп, оның шығармашылық жолы, әдебиетке келуі, өмірлік ұстанымы мен тәжірибесі туралы әсерлі әңгіме өрнектеді. Подкаст форматында өткен кездесуде қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Кеш барысында әдебиет пен кітап оқудың маңызы, жастардың рухани дамуы және шығармашылық ізденіс тақырыптары кеңінен сөз болды. Тайм-код: 00:00 Тизер 01:08 Басталуы 03:16 Поэзия жайлы 09:02 Шыңғыс Айтматов шығармалары және кітап оқудағы түсінгенім 11:23 Өмірімді өзгерткен кітап жоқ 13:37 “Қанша кітап оқыдыңыз?” немесе кітап оқудың маңызы 14:35 Абай басқа нәрсе айтты ғой… 15:44 Мұқағалидың Фаризаға жазғаны 18:41 Балалармен үлкен адамдарша сөйлесу керек 19:54 Шетел әдебиетін оқып бастадым 22:21 Шын бақытты адам 24:12 Мұхтар Шаханов өлеңдері мотивация 30:36 Астанада кітапханаға бардым 34:15 Балалық шаққа саяхат 35:40 Сейт Нақышов Жаяу Мұса жайлы 49:41 Бала Хамиттың арманы 56:24 Кез-келген актер кітап оқу керек леп ойлаймын 1:04:13 Көрермен сұрағы 1:11:20 Қадір Мырза Әли - Арман 1:13:02 Ішіңнен бірдеңе шыққысы келеді… 1:17:04 Лебіз кітабы 1:19:59 Оқырманның кештен түйгені 1:22:44 Соңы 1:24:45 Сөз соңы Хамит Ердехан: @hamit_saparbaiuly Алтынсарин балалар кітапханасы: @altynsarin_kitaphanasy

Название:

Хамит Ердехан: кітап, өмір, поэзия | Altynsarin podcast #1

Категория:

Разное