КЕНЕ | Кене шақса не істеу керек | Қауіпсіз шығару жолдары | КЕНЕ ШАҚҚАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ч
Кене / Кене шаққанда не істейміз | КЕНЕ ШАҚҚАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК Қауіпті жәндік жиі кездесетін жерлер Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында көктем-жаз айларында кенелер жиі кездеседі. Сондай-ақ таулы аймақ болып саналатын Қатон-Қарағай ауданында да жұқпалы ауру таратушы жәндікті жиі кездестіруіңіз мүмкін. Кене шаққан кездегі басты белгілер Кене шаққан кезде адамның басы қатты ауырып, дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Тіпті, дене қалтырап, тері бөртіп қызаруы да мүмкін. Сондай-ақ бұлшықет ауырып, адамның тыныс алуы қиындайды. Адамның тамаққа деген тәбеті жоғалып, жиі шаршайды. Кене шақса, не істеу керек? Дәрігерлердің айтуынша, кененің негізгі қорегі – қан. Сондықтан бұл жәндіктер адамдар мен жануарларды қан сору үшін шағады. Ол адамды шаққан кезде, сілекейімен бірге қанға жұқпалы вирустар енуі мүмкін. Бұл – адам өміріне өте қауіпті. Тіпті адам өліп кетуі мүмкін. Теріге енген кенені бірден алып тастау оңай емес. Сондықтан дәрігердің көмегі қажет. Егер дәрігерге қаралуға мүмкіндік болмаса, теріге жабысқан қауіпті жәндікке вазелин жағып немесе өсімдік майын құю керек. 5 минуттан кейін пинцет немесе жіп ілгегінің көмегімен кенені тартып аласыз. Бірақ дәрігерлер өте сақ болуға кеңес береді. Қан сорып жатқан кенені тұмсық астынан жіңішке жіппен байлап, асықпай, кене мұртшаларын толық шығарғанға дейін ақырын тарту қажет. Егер кененің басы толық шықпай теріде қара дақ түрінде қалып қойса, бірден дәрігерге бару керек. Қауіпті жәндікті теріден алған соң, оның орнын йодпен немесе спиртпен зарарсыздандырған жөн. Сондай-ақ қолды мұқият жуып, оны йод немесе спиртпен сүрту керек. Өйткені кене қан сорған кезде оның жұқпалы вирустары денеде қалып қою мүмкін.
Название:
КЕНЕ | Кене шақса не істеу керек | Қауіпсіз шығару жолдары | КЕНЕ ШАҚҚАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ч
Категория:
Разное