Бұл Кемеде Сұмдық Оқиға Болды. Бірақ Адамдар Оны Кеш Түсінді | Корабль призрак 2002
Оқиға 1962 жылдан басталады. Біз шексіз мұхиттың ортасында «Антония Граза» деп аталатын үлкен, сәнді итальян кемесін көреміз. Кемеде көптеген адамдар сапар шегіп жүр, ал қонақ бөлмесінде үлкен кеш өтіп жатыр. Кеште Франческа есімді қыз ән айтып, жұрт оны тамашалап отыр. Алайда бір жас қыз жалғыз өзі тыныш қана отыр. Мұны байқаған кеменің капитаны оны биге шақырады. Дәл осы сәтте белгісіз біреу кеме тетігін көтеріп жібереді. Соның әсерінен болат арқандар қатты тартылып, салонда тұрған адамдарды қақ бөліп кесіп өтеді. Бойы аласа болған жас қызға еш зақым тимейді. Қорқынышты көріністі көрген ол зәре-құты қашып, айқайға басады. Осыдан кейін біз 40 жыл өткен кездегі жағдайға ауысамыз. Мұнда теңізде тұрып қалған кемелерді құтқарумен айналысатын құтқару тобы көрсетіледі. Олардың құрамында капитан Мёрфи, Морин, Грир, Додж, Мундер және Сантос бар. Оларды барда отырған жерінен көреміз. Сол кезде ауа райы қызметінің пилоты Джек келеді. Ол өзін таныстырып, жақында мұхиттың ортасында бір кемені көргенін айтады. Ол кемемен байланыс орнатуға тырысқан, бірақ ешқандай жауап болмаған. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов
Название:
Бұл Кемеде Сұмдық Оқиға Болды. Бірақ Адамдар Оны Кеш Түсінді | Корабль призрак 2002
Категория:
Разное